Мектептің сабақ кестесі — бір экранда
Жүктемені енгізесіз — платформа бүкіл мектептің кестесін құрады. Қабаттасуды, санэпид баллды, кабинеттер мен топтарды өзі тексереді, ал дайын кестені Excel-ге шығарасыз.
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 |
Матем.
|
Физика
|
Матем.
|
Қаз. тілі
|
Биология
|
| 2 |
Қаз. тілі
|
Матем.
|
Биология
|
Физика
|
Тарих
|
| 3 |
Тарих
|
Қаз. тілі
|
Ағылшын
|
Матем.
|
Дене шын.
|
| 4 |
Ағылшын
|
Дене шын.
|
Тарих
|
Биология
|
Ағылшын
|
| 5 |
Дене шын.
|
||||
| Балл | 28 | 30 | 33 | 31 | 24 |
Жұмыс реті
Бес қадам. Қадамдардың аты — платформадағы бөлімдердің аты, кіргеннен кейін оларды сол күйінде табасыз.
-
1
Мектебіңізді енгізу
Тіркелесіз де, мектебіңіздің атын, оқу күндерінің саны мен күндегі сабақ санын көрсетесіз.
-
2
Тізімдер
Мұғалімдер, сыныптар, пәндер және кабинеттер тізімін толтырасыз. Пәндер мен кабинеттердің дайын үлгісі жаңа мектепке өзі қосылады.
-
3
Оқу жүктемесі
Әр сыныптың пәндері мен апталық сағаттарын, әр пәннің мұғалімін көрсетесіз. Бүкіл мектепті бір Excel файлмен жүктеуге де болады.
-
4
Кесте құру
Бір батырма — платформа бүкіл мектептің кестесін құрады. Қалғанын кестенің өзінде тінтуірмен түзетесіз, әр өзгеріс сол жерде тексеріледі.
-
5
Басып шығару
Дайын кестені Excel-ге шығарасыз: әр сыныпқа бір парақ, бүкіл мектепке бір парақ және әр мұғалімге бір парақ.
Платформа не істейді
Қабаттасу болмайды
Бір мұғалім екі сыныпта, бір кабинетте екі сабақ, бір сыныпта екі пән — үшеуі де әр қойылым кезінде тексеріледі.
Терезе қалмайды
Сыныптың күні бірінші сабақтан басталып, үзіліссіз жүреді. Бос ұяшық қалса, кестеде бірден көрініп тұрады.
Санэпид балл көрініп тұрады
Әр күннің баллы сынып жолының астында тұрады, ал ауыр пәндер таңғы сабақтарға жиналады.
Топтар мен кабинеттер
Топқа бөлінген сабақтар (ұл/қыз, 1/2 топ) өз кабинеттерімен қатар қойылады.
Мұғалімнің ерекшеліктері
Әдіскерлік күн мен қоса жүрген мұғалімнің бос күндері белгіленеді де, кесте оларды айналып өтеді.
Ережелердің маңыздылығын мектеп өзі реттейді
Қай ереже міндетті, қайсысы тек қалаулы екенін оқу ісінің меңгерушісі өзі белгілейді.
Қолжетімділік
- Сынақ режимі
- 3 сыныпқа дейін төлемсіз пайдаланып көруге болады (жүйенің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін)
- Бір сынып-комплект бағасы
- 100 тг «5А» мен «5Ә» бөлек саналады
- Қолжетімділік мерзімі
- Оқу жылының соңына дейін — 31 мамырға дейін
- Төлем
- Банк арқылы деректемелер бойынша. Әкімші түскен төлемді тексерген соң квота ашылады.
Байланыс
Мектеп өміріндегі оқу процесіне қатысты кез келген автоматтандыруды қажет ететін сұрақтар болса хабарласыңыз:
8 702 319 43 49 (Теңел)